Бұған дейін БҰҰ-ның жаңадан сайланған бас хатшысы Пан Ги Мун және БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Луиз Арбар, сондай-ақ адам құқығын қорғау жөніндегі өзге де халықаралық ұйымдар Ирақтың бұрынғы басшыларына өлім жазасын қолданбауға Ирақ үкіметін шақырған үндеулер мен мәлімдемелер жариялаған болатын. Алайда Ирақ үкіметі оларға құлақ аспады.
Ирақтың бұрынғы президенті С.Хуссейнді сотта қорғаған адвокаттарының бірінің айтуынша, әл-Тикрити мен әл-Бандар екеуін Ирақ үкіметі желтоқсанның 30-күні С.Хуссейнмен бірге дарға аспақшы болыпты. Алайда Ирақ үкіметі сот жазасын орындауды сәл кейінге қалдырып, енді соны дүйсенбі күні орындап отыр. С.Хуссейннің бұл екі серіктесіне өлім жазасын қазір қолданбау жөніндегі ұсынысты тіпті қазіргі Ирақ президент Жалел Талабани де қолдапты. Ол өткен аптада үкіметке сотталғандарға өлім жазасын қолдануды кейінге қалдыруды ұсыныс еткен болатын.
Ирақтың бұрынғы басшыларына қатысты өлім жазасы кесіліп, оның жүзеге асырылуы Қазақстан қоғамында да түрлі пікір талас тудырып жатыр.
«Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының жетекшісі, заңгер Жармақан Тұяқбайдың пікірінше, адам құқығы жөніндегі халықаралық ұйымдардың талап-тілектерін құлаққа аспай, қазіргі Ирақ үкіметінің бұрынғы басшыларға қатысты өлім жазасын қолдануы - халықаралық заңдылықтарды өрескел бұзғандық болмақ. «Ирақтағы қазіргі жағдайдың өзі тұрақсыз, ел соғыс жағдайында және елдегі шииттер мен сүннитердің арасындағы дүрдараз жағдай одан әрі шиеленсіп кету қаупі бар» дейді ол.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының басқарма мүшесі Болат Дүйсенбі қазіргі үкіметтің бұрынғы ирақ басшыларын дарға асуы сол елдегі жағдайды жақсартпайды, оны одан әрі тұрақсыздандыруы, тынышсыздандыруы мүмкін, яғни бұл шешім дұрыс шешім болмады деген пікір айтады.
Ал қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев С.Хуссейн секілді Ирақ президентінің өзінің халқына жасаған ауыр қылмысы бар, сол қылмыстары үшін С.Хуссейн және оның серіктестері ауыр жазаға тартылуы орынды деген пікір айтады. Адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроның қызметкері, заңгер Жазира Қырықбаева Ирақ үкіметінің бұл шешімін адам құқығын өрескел түрде аяққа басушылық және өлім жазасын орындаудан бас тарту жөніндегі халықаралық адам құқығы жөніндегі ұйымдардың талап тілектерін елемеушілік деп есептейді.