Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Феликс Куловқа жаңа үкіметті жасақтауды тапсырған. Президенттің баспасөз өкілі Нурлан Шакиев Бакиев Куловтың кандидатурасын парламент қарауына ұсынды деп хабарлады «Азаттық» радиосының Қырғыз редкациясына. Феликс Куловтың үкіметі өткен жылғы 19 желтоқсанда жаңадан қабылданған Конституцияға президентке көбірек өкілдік беретін өзгертулер енгізу турасындағы айтыс-тартыс, саяси дағдарыстың барысында отставкаға кеткен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Кино әлемі
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?