Пәкістан жаугерлердің шекарадан өтулеріне тосқауыл қою үшін шекарасының Ауғанстанмен шектесетін тұстарына қоршаулар тұрғызып, бірқатар алаңды миналаймыз деген болатын. Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшылығы мұндай жоспардың барлық аспектілерін алдымен жақсылап зерттеу керек деп атап көрсеткен. Пәкістанның мұндай жоспарына Ауғанстан мен БҰҰ-ың жетекшілері де наразылық білдірген болатын.