Шымкент аудандық сотының төрағасы Зиядинхан Пірнияздың хабарлауынша, айыпталып отырған 21 адамға қатысты сот ісі ертең жабық есік жағдайында қаралады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 87 балаға ВИЧ індеті деген диагноз қойылған болатын.