Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экология және климат институты директорының орынбасары Ирина Есіркепова ауа райын ғылыми жолмен анықтайтын модельге сүйене отырып, тек биылғы жылды ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның алдағы 100 жылын да болжап-білуге болатынын айтады. Ирина Есіркепованың пікірінше, Қазақстанды ғаламдық жылынуға байланысты ең қиын жылдар 2030 жылдары күтіп отыр:
- Қазір жер шарында ғаламдық жылыну процесі жүріп жатыр. Мысалы, соңғы 100 жылда Қазақстанның ауа райы 1,3 градусқа жылынып кетті. Бұл дүние жүзілік көрсеткіштен 2 есе көп. Қазақстан ауа райының күрт жылынуы оның Еуразия құрлығының ішкі жағында, яғни мұхиттардан алыста жатуына байланысты. Мұнда ауа райы құрғақ болып келеді. Бұл Қазақстанда ғаламдық жылынудың жақсы байқалынуына әсерін тигізеді. Ал алдымен, ауа райының жылынуы мұздықтардың еруіне алып келіп, бірте-бірте мұздықтар көлемі жағынан да, салмағы жағынан да кеми береді. Өз кезегінде бұл тау мұздықтарынан ағатын өзен-сулардың тартылуына әкеліп, құрғақшылық тудыруы мүмкін. Бұл болжам бойынша 2030 жылдары Қазақстанда айқын байқалады.
Ирина Есіркепованың айтуынша, мұндай жағдайдың алдын-алуға Қазақстан да, басқа елдер де дайын емес.
- Ғаламдық жылынудың Қазақстанға қанша зиян келтіретінін ешкім экономикалық тұрғыдан есептеген емес. Қарап қалмай, әйтеуір бір шара қолдану керек. Мысалы, ауаны ластамайтын отын көздерін пайдалануға көшу керек. Өйткені, ғаламдық жылыну сияқты апаттардың пайда болуының 50 пайыздайы адамға байланысты болып отыр. Қазір біз атмосфераға мөлшерсіз көміртегінің жиналып жатқанына онша мән бермейміз. Алайда Қазақстан жалғыз өзі қауіптің көзін сейілте алмайды. Өйткені бұл ғаламдық мәселеге айналған, - дейді Ирина Есіркепова.
Мұндай болжамды жұлдызшы, табиғат құбылыстарын болжаушы Назарбек Қожамсейітов те қолдай келіп, ол соңғы уақытта табиғат құбылыстарында ауытқулардың жиі кездесіп жүргендігін айтады. Алайда ол алдағы уақытта ауа райы дайындап отырған қауіп-қатерлерден әсіресе, Еуропа елдері үлкен зардап шегеді дейді.
- Дүние жүзі бойынша құрғақшылық, дауылдар, жер сілкінулер 2008 жылдың аяғынан бастап, 2009 жылы өте күшті жүреді. Қазіргіден де күшті болады. Сосын, Солтүстік мұзды мұхит сулары еріп, Ресейдің солтүстігін, Еуропа, Американы сулар баса бастайды. Бұл кезде дауылдар тіпті көп болады, - дейді Назарбек Қожамсейітов.
Ал 2007 жылы болатын ауытқулардан Назарбек Қожамсейітов нәрестелер арасында егіздердің көптеп туылатындығын айтады. 2007 жылы болатын табиғат құбылыстарының барлығын жұлдызшы доңыз жануарының мінез-құлқына байланыстырады.
Әлем бойынша ауа райын бақылау алғаш 19 ғасырдың аяғында жүргізіле бастаған. Әзірше, ең жылы жылдар деп 1998-ші, 2002-ші, 2003-ші, 2004-ші және 2005-ші жылдар есептелінеді. Ал Ұлыбританиялық ғалымдар, биылғы жылдың қатты жылыну мүмкіндігін мұхит суы температурасының жылынуын туғызатын Тынықмұхиттық феномен Эль-Ниньоға байланыстырады. Ғалымдар 21 ғасырда жер планетасы әлі де 3-5 градусқа жылынады деген болжам айтады.