Accessibility links

Түркіменстандағы президент сайлауына халықаралық бақылаушылар шақырылмақшы


Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов елде келесі айда өтетін сайлауларға халықаралық бақылаушылардың келуіне рұқсат беріледі деп мәлімдеді. Бұл туралы Түркіменстан телеарнасы хабарлады. Сенбі күні өткен үкімет отырысында Мередов ақпанның 11-і күнгі президент сайлауын бақылау үшін Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Ресейден және тағы басқа ұйымдардан өкілдер шақырылады деп мәлімдеді. Президент Сапармұрат Ниязов билігі кезінде халықаралық бақылаушылардың жергілікті сайлауларға қатысуларына жол берілмейтін.
XS
SM
MD
LG