Ирақтағы АҚШ әскерінің жаңа қолбасшылығы Буштың Ираққа байланысты жоспары жұмыс істеп, бұл елдегі діни жікшілдік қақтығысты тоқтатуы мүмкін деді. Ал, бүгін Бағдадта Ирақтың Білім министрінің көлік керуеніне шабуыл жасалып, министрдің оққағары қаза болды. Білім министрі сүнниттер өкілі Абд Дхаб әл Ажилидің сөзіне қарағанда, Бағдадтың оңтүстігіндегі жұмысына бара жатқан жолда оған бірнеше рет шабуыл жасалған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сталинизм құрбандары
"Халқым үшін қаралы күн". Балқар халқы 8 наурызды неге тойламайды?
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV