Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір балада BИЧ инфекциясы расталды. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөзбен байланыс бөлімінің қызметкері Айжан Омарованың дерегі бойынша олардың жалпы саны 88-ге жетіп, оның 8-і түрлі сырқаттарынан көз жұмса, 1-і шет елдіктер асырауына берілген. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін аталмыш індетке шалдыққан аналардың саны – 12.
«Жаңадан қосылып отырған бала Шымкент қаласынан анықталып отыр. Сәби өткен жылы облыстық балалар ауруханасы мен жұқпалы аурулар ауруханасында емделген екен. BИЧ инфекциясын сол жерден жұқтырған болуы мүмкін деген жорамал бар», деді Айжан Омарова бейсенбі «Азаттық» радиосына. Оның айтуынша, облыстағы балаларды BИЧ-қа қарсы тексеру жұмыстары әлі жалғасуда. Жалпы BИЧ инфекциясы анықталғалы бері тексерілуге тиісті балалардың 97,3 пайызы дәрігер қарауынан өткен. Тексерілмеген 270 бала бар. Сол 270 баланың ішінде 267 баланың нақты мекен-жайлары бүгінгі күні табылмай отыр. 3 бала BИЧ-қа қарсы тексерілуден бас тартқан.
Мамандар 88 бала мен 12 әйелге індет қалай жұққандығын, баласынан анасына ма, әлде анасынан баласына ма ол жағын анықтай алмай отыр. Осыған байланысты болашақта қосымша тексеру жүргізу жұмыстары үшін СВС халықаралық ұйымынан мамандар шақырылып отыр екен.
Ал бейсенбі күні облыстық сотта BИЧ індетінің таралуына кінәлі дәрігерлердің ісіне қатысты сот процесі үшінші мәжілісін өткізді. Қаңтардың 19-ы күні басталған сот мәжілісі жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Айыпталушылардың қорғаушылары екінші сот отырысынан кейін олар қосымша тергеу жұмыстарының жүргізілуін талап етіп, Қазақстанның бас прокуратурасына арыз жолдаған. Оған себеп індеттің ошағы әлі күнге нақты анықталмай отыр. Сондай-ақ індетті жұқтырудың негізгі көзі болған облыстық және қалалық балалар ауруханалары аталған. Алайда Мырзакент, Түркістан, Қазығұрт, Сайрам аудандарының да ауруханалары аурудың таралуына себепші болған деген пікір бар. Осыған орай айыпталушылардың бірінің адвокаты: «Бір докторлар жауапкершілікке тартылады, ал басқа докторлар жауапкершілікке тартылмайды. Біз соны түсінбей отырмыз. Сол себепті істі қосымша тергеуге жіберу керек» дейді.
Сот бастала салысымен адвокаттар, сот төрағасы мен прокурордан бас тартқан болатын. Алайда, судья бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ. Қазір белгілі болғандай, бүкіл елді дүрліктірген бұл іс бойынша шақырылған барлық адвокаттар ВИЧ-ке шалдыққан балаларды қорғаудан бас тартқан. Сондықтан 78 баланың тағдырын бар болғаны бір заңгер жақтауда. Осыған орай ата-аналардың өзі сот мәжілісінің ашық өтуін талап ететіндіктерін айтқан еді.
Журналист Рысбек Сәрсенбайұлы: «Алдымен сот ашық өтеді деп хабарланып, артынан оның жабық жүруі бұл заң талаптарын емес, бұл берілген тапсырманы орындау деп түсіну керек. Өйткені сот аяқталады, міндетті түр шешімі болады. Белгілі бір адамдар жазаға тартылады. Мәселе онымен шектелмеу керек. Бұл өте ауыр қылмыс. Мәселен, бұл бір өркениетті елдердің бірінде орын алса бұл кең көтерілетін мәселе. Ол үшін мемлекет басшысы жауап беруі керек. Денсаулық сақтау департаментінің басшысы ғана емес онымен бірге үкімет отставкаға кетуі керек еді. Ал бізде жағдай олай емес. Мемлекеттік мекеме ретінде өзінің қызметін дұрыс атқара алмайды. Оны өздері мойындағысы келмейді. Мұның бәрі жоғарыдан болған нәрсе. Себеп салдарлары туралы көп айтылды ғой. Дегенмен, бұл жерде президенттің қателігі. Президент бұл салаға ол саланы білмейтін медицинадан хабары жоқ адамды басшы етіп қойды. Бұл үлкен қателік еді. Ол өзі білмеген нәрсені төменгі орындаушысынан талап ете алмайды», дейді.
«Бұл жерде олар құпия ешнәрсені қарап жатқан жоқ. Соншалықты жасыратындай. Және халық дайын емес дейтіндей онда соншалықты адам түсінбейтіндей ешнәрсе жоқ. Демек, бұл жерде қарапайым қулық. Басқа ешнәрсе емес», дейді саясаткер Жасарал Қуанышәлі.
88 бала мен 12 әйелдің BИЧ инфекциясына шалдығуына орай, жауапқа тартылып отырған 21 азамат негізінен ҚР қылмыстық істер кодексінің бірнеше бабы бойынша айыпталып отыр.