Accessibility links

Еуропалық сотқа шағымданатындар көбіне ТМД елдерінен болып отыр


Бір қарағанда, бұрынғы Совет елдеріндегі көп адамдар әділеттік іздеп Франциядағы бір шағын қаладағы сотқа шағымданып жатса таңқаларлық жағдай болатын еді. Бірақ, Страсбургтегі Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа бұл аймақтан шағымданып жататындардың қатары өсе түскен. Қаңтар айында Еуропалық сот Армения мен Әзірбайжан үкіметтеріне қатысты істі қарады.

2003 жылдың қазан айында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында бетін бүркелеген полицейлер оппозиция белсендісі болған Сардар Жалалоглудың үйіне күштеп басып кіріп, президенттік сайлаулардың қортындысына наразылық танытып көшедегі шерулерге қатысқан деген күдікпен оны қамауға алған. Сөйтіп Сардар Жалалоглуды содан екі күн бұрын бұрынғы президент Гейдар Алиевтің орнына оңай келген оның баласы Ильхам Алиевтің сайлаудағы жеңісіне наразылық танытқан шерулерге қатысы бар деп тапқан. Ол кездегі шерулердің соңы қақтығысқа ұласып, бір адам қаза тапқан болатын. Жалалоглудың айтуынша, полиция қамауында болғанда оны резіңке шоқпармен соғып, азаптап-қинап, зорлық көрсеткен. Медициналық экспертиза оның бірнеше мәрте ауыр затпен ұрып-соғылғанын растады. Негізі Жалалоглу ол наразылық шерулеріне қатыспаған болса да, Әзірбайжан соты оны қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен үш жылға абақтығы жапқан. Кейін ол ертерек президенттің рахымшылық жариялауымен босатылады. Бірақ, Жалалоглу өзінің жазықсыз жазаланғанын айтып, әділеттік іздеуге бел буады.

Қаңтардың 11-күні яғни үш жылдан көбірек уақыт өткенде, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Әзірбайжан билігін айыптап, демек Жалалоглуды азаптаған әрі оның денсаудығына байланысты шағымын қанағаттандырмай, қажетті тергеу жүргізбеген деп тапты. Сөйтіп, Еуропалық сот оппозиция белсендісі болғаны үшін ғана сотталған Жалалоглуға келген шығын ретінде айыпты жақтан 11,817 Еуро өндіріп берді.

Бұл Страсбург сотындағы Әзірбайджанға қатысты екінші іс болып отыр. Сардар Жалалоглу болса, енді бұл соттың шешімі өз еліндегі ресми билік тарапынан орын алып жататын азаптауларға қарсы тұруға күш беріп, серпін болады деп үміттенеді:

“Негізінде, бұл Әзірбайжанның қамау орындарында орын алатын азаптауларды көрсететін бірінші оқиға. Бұл болған жағдайды көрсетеді. Енді Әзірбайжандағы азаптап-қианулар туралы барлық арыз-шағымдар шұғыл әрі байсалды түрде қаралатын болады. Бұл азаптау тәсілдерін әзірбайжандық құқық қорғаушы органдардың қалыпты қолданып жүргенін дәлелдейді”.

Жалалоглу Адам құқықтары жөніндег Еуропалық сотқа жүгінген жалғыз әзірбайжандық емес. Деректерге қарағанда, қазіргі таңда Страсбургтегі бұл сотта Әзірбайжанға қатысты 600 іс қаралып жатыр.

Страсбургтегі бұл Еуропалық сот әр елдегі адам құқықтары мен сөз бостандығы жағдайын жолға қойып, бұл тұрғыдағы шағымдарды қарау негізінде 1950 жылы Еуропалық Кеңес мақұлдаған болатын. Бұл аталмыш конвенцияға қосылған елдердің азаматтары өз құқықтары бұзылған жағдайда осы сотқа жүгіне алады. Бұл Еуропалық сотта 46 судья және конвенцияға қосылған елдердің өкілдері бар. Жылына бұл сотта заңсыз қамауға алынған немесе полиция тарапынан азаптау көргендердің шамамен 50 мыңнан астам шағымы қаралады. Ендеше, сол шағымдардың көпшілігі ТМД елдерінен түседі екен. Оның ішінде Еуропалық Кеңеске де мүше елдер Ресей, Украина, Молдова, Армения, Әзірбайжан және Грузиядан құқықтары бұзылған азаматтар осы Страсбургтегі сотқа шағымданады.

Осы Еуропалық соттағы орыс адвокат Ольга Вишневскаяның айтуынша, бұрынғы совет елдеріндегі сот жүйесі дұрыс дамымай отырғандықтан, бұл аймақтан шағымданушылар көп болып отыр:

“Сотқа шағымданушылардың дерлігі өз елдері ішінде құқықтарының қорғалу жағдайының нәтижелі болмайтынын айтады. Көп арыз иелері Ресей билігіне сенім артпағандықтан, бізге келер алдында оларға барып шағымданбайды”.

Страсбург сотына сонымен қатар Армениядан да шағымдар түсіп жатады. 11-ші қаңтарда Армения үкіметіне қарсы қозғалған соттан кейін бұл елден түсетін шағымдар келешекте тағы көбейе түсуі мүмкін болып отыр.

Осы жақында Армения билігіне қарсы қаралған сотта, сөз бостандығы бұзылған жайында шағым түсірген оппозициялық Республикандық партияның бұрынғы мүшесі Армен Мкртчян 2002 жылы өз партиясының ұйымдастырумен өткен шеру кезінде қамауға алынып, Ереван соты оған кейін айып салған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG