Accessibility links

Фидель Кастро соңғы үш айда телеэкраннан алғаш рет көрінді


Науқастанып жатқан Куба президенті, 80-жасар Фидель Кастро телеэкраннан соңғы үш айда алғаш рет көрінді. Куба мемлекеттік телекомпаниясында Фидель Кастроның дүйсенбі күні Венесуела президенті Хьюго Чавезпен сөйлескені көрсетілді. Хьюго Чавес екі сағат ішінде түрлі тақырыпқа сөйлестік, Фидель Кастроның көңіл күйі жақсы, әзіл-қалжыңы жақсы, өңі жақсы, ақыл-ойы өте керемет деп сипаттады. Фидель Кастроға операция жасалған, ел билігін ол осыдан жарты жыл бұрын інісі Рауль Кастроға уақытша тапсырған.
XS
SM
MD
LG