Accessibility links

Италияда алдағы апталарға жоспарланған барлық футбол ойындарын тоқтатып отыр


Оған себеп, жұма күнгі матч кезінде Сицилиядағы Катания және Палермолық спорт жанкүйерлері арасында ойын есебі бойынша жанжал шығып, олардың төбелесі кесірінен бір полиция сақшысы қаза тапқан болатын. Ол жөнінде Италия футбол федерациясының бастығы Луча Панчалли:

- Біз бұлайша жұмыс істей алмаймыз. Италия футболы бірер айқын жол табылғанша тоқтатылады, - деді.

Италия бас министрі Романо Проди да ол шешімді қолдап, бұл - спорттың бұзылуы, азғындауы деді.
XS
SM
MD
LG