АҚШ-та орналасқан бұл комитеттің айтуынша, президент Владимир Путин мен президент Уго Чавез баспасөзге ресми биліктің бақылауын орнатудың “жаңа үлгісін” енгізген. Аталған комитет екі ел президенттерін “демократатор”, яғни халық тарапынан сайланған автократтар деп сипаттады. Журналистердің құқын қорғайтын комитеттің баяндамасына қарағанда жалпы өткен жылы 55 журналист өлтірілген.