ВАШИНГТОН: Кеше АҚШ президенті Джордж Буш оппозициядағы Демократиялық партия басым дауысқа ие болған Конгреске 2008-інші жылға арналған бюджеттің жобасын ұсынды. Жобада денсаулық сақтау мен білім беру салаларына жұмсалатын шығындарды қысқартып, керісінше – әскери шығындарды 700 млрд. долларға дейін ұлғайту қарастырылып отыр. Дж.Буштың бюджет жобасы бас-аяғы 2.9 трлн. доллар қаржы бөлуді сұрайды. Жоба - АҚШ Конгресінде дауысқа салынып мақұлданғанша, талай ай бойы талданады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV