Н.Кимнің айтуынша, апат болған жерден тікұшақ ұшқышының жансыз денесі табылған. Марқұмның мәйіті Өзбекстан жағына берілген.
«Тікұшақтың апатқа ұшырауына мамандар тікұшақтың гидрожүйесі істемей қалған болуы керек деген алдын ала болжам жасап отыр», - деді Н.Ким «Азаттық» радиосына берген сұқбатында.
Апат болған оқиға орнына ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің төрағасының орынбасары Керімберді Балтабаев бастаған шұғыл топ жеткендігін осы департаменттің аға маманы Зарипа Тұрысбекова бейсенбі күні радиомызға хабарлады.
Оның айтуынша, Өзбекстанның тікұшағы Өзбекстан және Қазақстан шекарасы аумағында ұшып жүріп, кенет құйрығымен тау шоқысына соғылған, соның салдарынан екі мемлекеттің шекара сызығы үстінде апатқа ұшыраған. Тікұшақ ұшқышы қаза болып, оның қасындағы экипаждың екі мүшесі тірі қалған.
«Оларды Қазақстан жағы сол күні Өзбекстан жағына аман-есен қайтарды», - дейді З.Тұрысбекова.
Қазақстанның Қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың айтуынша, Өзбекстан ұшағының шекара аймағында неге ұшқанын, оның қалай апатқа ұшрағанын тексеру мақсатында екі елдің қауіпсіздік органдары мен мемлекеттік прокуратура орындары бірлесіп оқиғаны тексере бастапты.
Қазақстан жерінде Өзбекстан тікұшағының апатқа ұшырағандығына байланысты Алматыдағы Өзбекстан елшілігіне қоңырау шалғанымызбен, өз аты жөнін айтқысы келмеген елшілік қызметкері бұл оқиға жөнінде тек Қазақстанның баспасөз құралдарынан ғана естігенін, Тәшкенттен арнайы ресми ешқандай ақпараттың келмегенін айтты.
Өзбекстанның «Ферғана Ру» деп аталатын электрондық ақпарат көзі Өзбек жағының өз тікұшағының екі ел шекарасы аймағында қандай себептен апатқа ұшырағандығы жөнінде ешбір ақпарат бермей отырғаныдығын хабарлады.
Бұл тікұшақ Өзбекстанның әскери әуе күштерінің тікұшағы екендігі, апат болған кезде қаза болған ұшқыштың аты жөні Максим Отриченко екендігі әзірге белгілі болып отыр деп жазады аталмыш ақпарат көзі.