БҰҰ-ндағы Иран елшісі Ирақтағы АҚШ әскеріне жасалып жатқан шабуылға Иранның қатысы бар дегенді Құрама Штаттар ойдан құрастыруға тырысып жатыр деп сынады. Жавад Зариф АҚШ-тың қоғамдық радиосына берген сұхбатында, Ирақтағы бүлікшілдерге қару жеткізу туралы Иранның мүддесінде жоқ деген. Осыған дейін АҚШ-тың Қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ирақтағы жолға қойылған бомбалардың Ираннан келіп жатқаны жөнінде өздерінде дәйекті дәлел бар екенін айтқан болатын.
Иранның БҰҰ-дағы елшісі Құрама Штаттар Иранның Ирақтағы рөлін ойдан құрастыруға тырысып жатыр деді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес