Accessibility links

Р.Гейтс: “...НАТО-ның шығысқа қарай жылжуынан Ресейдің сескенетәін орны жоқ”


МЮНХЕН: АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс егер АҚШ-тың Ирақтағы миссиясы сәтсіз аяқталатын болса, оның салдарын НАТО-ның мүшелері де сезінеді деп ескертті. Беймаза Ирақ, деп мәлімдеді Р.Гейтс, тек Таяу Шығысқа ғана емес, “терроризмнің ордасы” ретінде бүкіл әлемге де қауіп төндіреді. Әлемнің қауіпсіздігі тақырыбы бойынша Мюнхен қаласында өтіп жатқан конференцияда сөйлеген сөзінде Р.Гейтс, сонымен қатар, НАТО елдерін Ресеймен арада тығыз ынтымақтасуға шақырды.

«Бізге бір қырғи-қабақ соғысы да жеткілікті, сол себепті де НАТО-ның шығысқа қарай жылжуынан Мәскеудің сескенетін орны жоқ», - деп мәлімдеді Пентагонның қожайыны.
XS
SM
MD
LG