БЕРЛИН: Әзірбайжан, Еуропа Одағымен арадағы келісімдеріне сәйкес, адам құқының еуропалық стандарттарына 5 жылдан кейін лайық бола алады. Кеше Берлинде Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельмен өткізген келіссөзінен кейін Әзірбайжан президенті Ильһам Әлиев осылай деп мәлімдеді. Өз тарапынан Меркель ханым Еуроодақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұнай шикізатына бай Әзірбайжанның көмек бере алатынын атап көрсетті. Соңғы кезде Еуропа Одағының ресми өкілдері қуат көзі жағынан Ресейдің алдындағы кіріптарлықтан құтылу керектігін әлденеше рет мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?