Accessibility links

Сербия Косово өлкесіне тәуелсіздік берілуіне түбегейлі қарсы


БЕЛГРАД: Сербия парламенті Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі туралы БҰҰ-ы жоспарының негізгі баптарын мақұлдамады. Біздің тілшіміздің хабарлауынша, Сербия парламентінің Қаулысында бұл жоспардың Сербияның егемендігі мен территориялық біртұтастығын ескермейтінін атап көрсетеді. Сәрсенбі күні жасақталған Сербия парламенті Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі бойынша келіссөзге арнайы өкілдерді жолдау туралы мәселені қолдап, оларға БҰҰ-ы жоспарының Косово өлкесіне тәуелсіздік беру туралы баптарын талдамау жөнінде нұсқау берді. Келіссөз 21-інші ақпанға белгіленіп отыр.
XS
SM
MD
LG