Бүгін Косованың Азат ету Армиясы деп аталатын топ дүйсенбі күнгі Приштинадағы шабуылдарға жауапкершілікті өздері алатындарын мәлімдеді. Ондағы хабарламада Косованың тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген жауынгерлік топ ол шабуылдарды таяудағы Приштинадағы шерулерде қаза болған екі албанның өліміне кек қайтару деген. Сербтерге қарсы соғысқан Косованың Азат ету Армиясы 1990 жылдары тарап кеткен болатын, бұл топ өздерін солардың ізбасары ретінде танытып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV