Бағдадтың шығысындағы студенттер қалашығында орын алған жарылыстан кемінде 40 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды. Жексенбі күнгі ол жанкештілік шабуылдан құрбан болғандардың көбі студенттер деп хабарланды. Сонымен қатар, кеше Бағдадтың орталығында орналасқан Иран елшілігі жанында бір көлік жарылып, екі адам опат болды.