Румыния үкіметі шамамен 800 мың молдован Румыния азаматтығына құжат тапсырды дейді. Молдовада шамамен төрт миллион халық жасайды, олардың шамамен 75 пайызы румын тектес, сондықтан Румыния азаматтығын сұрауға құқылы. Президент Траян Басеску үкіметке қайырылып, шетелдерде тұратын румындарға Румыния азаматтығын беруді жеңілдетуді сұрады.