Дүниежүзілік банктың Қазақстан Республикасындағы жаңадан сайланған тұрақты өкілі Сергей Шаталовтың айтуынша, Дүниежүзілік банк Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналдыратын жобаға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан экономикасы мен инфрақұрылымын дамытуды көздейтін жобаға, Дүниежүзілік банк ең біріншіден, білімімен және тәжірибесімен бөлісу үшін керек дейді ол.
- Бұл жобаға Қазақстан басшылығы бізді тек инвестор ретінде ғана емес, сарапшы ретінде де тартуда. Өйткені, бізде мықты білім мен әлемдік тәжірибе бар. Әйтпесе, біз қатысып отырған жобалардың негізгі бөлігін бюджет қаржысы құрайды. Қазір Еуропа мен Азия арасын байланыстырып тұрған жолдың қашықтығы 11 мың шақырым. Егер осы жоба жүзеге асатын болса, онда жол 3 мың шақырымға қысқарып, ол экономикалық жағынан пайда әкелер еді. Ал әзірше жоба дайындық үстінде, - дейді Сергей Шаталов.
Сондай-ақ, Сергей Шаталов алдағы уақытта Дүниежүзілік банктың денсаулық сақтау, білім және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жобаларға да қатысатынын айтты. Оның ішінде Өскеменнің экологиялық ахуалын жақсарту мен Оңтүстік Қазақстандағы тұзды жерлерді қайта қалпына келтіру жобалары да бар.
Ал саясаттанушы Шәріпбек Әмірбек Еуропа мен Азия арасындағы жолды қысқартатын жобадан Қазақстанның тек ұтатынын айта келіп, оның пайдалы жақтары бар екендігіне тоқталды.
- Көлік саламыз біршама көтеріліп қалады. Сол саланы халықаралық деңгейге жеткізе аламыз. Екіншіден, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрғанымыз үшін пайда көреміз. Үшіншіден, Қазақстан шетелдерге өз тауарларын шығаруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, азаматтарымызға да жұмыстар тауып бере аламыз, - дейді Шәріпбек Әмірбек.
Бірақ, саясаттанушы Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің ішінде мұндай жетістіктерге Қазақстан ғана емес, сондай-ақ Ресей де қол жеткізе алады деп есептейді.
- Дәл осындай мүмкіндік Ресейде де бар. Егер осы жол бізді айналып, Ресейлік Қиыр Шығыстан өтетін болса, онда ол Қазақстанға тиімсіз. Бұл жолдың көбісі Қазақстанның үстімен өтті дегенімен, ол бәрібір Еуропаға Ресей арқылы барады. Сондықтан бұл жобадан Ресей ұтыла қоймайды, - дейді Шәріпбек Әмірбек.
Ал экономист Қанат Берентаев аталған көлік жобасынан Қазақстан экономикасы дамиды дегенге сеніңкіремейтінін айтады.
- Бұл жобаның тек Қазақстан ғана емес, Еуропа мен Азия елдеріне де пайдасы мол. Бірақ мұнда Қазақстан тек дәліз болып қана қоймай, қызмет көрсету сияқты мүмкіндіктерін пайдаланса ұтады. Әйтпесе, оның пайдасы көп болады дегенге мен қосылмаймын. Бұдан ұтса, тек жүктерді алып-салатын логистикалық орталықтар ғана ұтуы мүмкін, - дейді Қанат Берентаев.