Accessibility links

Грузия НАТО-ға мүше болудың барлық амалын жасауға дайын


ТБИЛИСИ: Кеше Грузия президенті Михаил Саакашвили грузин үкіметінің Ираққа көп әскерін аттандыратынын және Ауғанстанға да әскерін жолдағысы келетінін мәлімдеді. Осы күні Ирақтағы АҚШ бастаған коалициялық күштердің құрамында шамамен 850 жауынгерлік грузин әскері бар. Бірақ М.Саакашвили Ираққа тағы қанша грузин әскерінің жіберілетінін атамады. Сонымен қатар грузин президенті Ауғанстандағы НАТО басқаратын тұрақтылық күштерінің қатарына да грузин әскерін жолдағысы келетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG