Accessibility links

Ауғанстандағы наразылық танытушылар шетел күштерінің елден шығарылуын талап етуде


Жүздеген Ауған студенттері елдің шығысындағы Жалалабад қаласында жиналып шетел күштерінің елден шығарылуын талап етуде. Бұған қарапайым адамдар құрбан болған екі оқиға себеп болып отыр. Дүйсенбі күні Ауған ресмилері Каписа өлкесінде орын алған НАТО күштерінің әуе шабуылынан 9 қарапайым тұрғын қаза тапты деп хабарлаған болатын. Ал жексенбі күні Жалалабадтың жанында АҚШ күштері мен бүлікшілер арасында қақтығыс болып, оның салдарынан 10 қарапайым ауғандық құрбан болған тұғын. Қазір Ауғанстан үкіметі ол оқиғаға қатысты тергеу ісін жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG