ВЕНА: Бүгін атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі Иранға қатысты шешім қабылдайды. Оған сәйкес, МАГАТЭ уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқан Иранға ядролық саладағы техникалық көмегін доғаратынын жариялауға тиіс. Өткен жылдың желтоқсанында БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы жаза қолдану туралы Қарар қабылдаған болатын. Енді Қауіпсіздік Кеңес Теһранға қарсы жазасын қатаңдатуы мүмкін.