ИСЛАМАБАД: Бүгін Ауғанстан мен Пәкістанның ресми өкілдері дәстүрге айналған екі жақты “жирга” кеңесін өткізу мәселесі бойынша келіссөзін бастайды. Өткен жылы ресми Кабул мен Исламабад Пәкістанның жаугер тайпаларының “бекінісі” болып есептелетін өлкелерінде екі жақты кеңес өткізу туралы уағдаласқан болатын. Ресми Кабул тәліптер Ауғанстанға Пәкістанның осы өлкелерінен келіп жатыр деп санайды. “Жирга” кеңесіне кімдер қатысуға тиіс және оның күн тәртібіне қандай проблема қойылады - Исламбадта өтетін 2 күндік келіссөздің барысында осы мәселелер сөз болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?