Accessibility links

Бүгін Ирақ премьер министрі сүннит бүлікшілдері бекінген Рамади қаласына барады


Бүгін Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики сүннит бүлікшілдері бекінген Рамади қаласына алдын ала хабарламастан барды. Онда шийт премьер министр Мәлики АҚШ пен Ирақ әскерилерінің бірлескен әскери базасында Анбар провинциясының басшысымен кездесті. Мәликидің бұл сапары Құрама Штаттар әскерилерінің Ирақ сүнниттерін бұл аймақтағы бүлікшілдерге қолдауын тоқтатуға шақырып отырған науқаны тұсында болып отыр.
XS
SM
MD
LG