Accessibility links

Бургас (Болгария) пен Александрополис (Грекия) порттарын қосатын мұнай құбыры тартылады


АФИНА: Кеше Ресей мен Грекия және Болгария орыс мұнайын Қара теңізден Эгей теңізіне дейін тасымалдайтын мұнай құбырын тарту туралы келісімге қол қойды. Бұл құжатқа Афина қаласында Ресей президенті В.Путин мен Грекияның және Болгарияның премьер-министрлері қолдарын қойды. “Трансбалкан” мұнай құбыры Болгарияның Бургас порты мен Грекияның Александрополис портын байланыстыруға тиіс. 2001-інші жылы іске қосылатын жаңа құбыр жылына 35-50 млн. тонна Ресей мұнайын экспорттайтын болады.
XS
SM
MD
LG