АҚШ Орталық барлау агенттігінің жасырынып жүрген бұрынғы агенті Валерие Плейм өз жұбайының жағдайы туралы Конгреске баяндады. Плейм ханымның өмір жолдасы Джозеф Уилсонды Орталық барлау агенттігі Нигерияга жіберіп, Саддам Хұсейннің ол елден уран алғандығын білмек болыпты. Бұрынғы елші Уилсон Нигериядан Ирақтың уран алғандығы жөнінде ешқандай мәлімет таба алмаған. Плеймнің айтуынша, агенттің аты-жөні жарияланатын болса, онда онымен қызметтес болған азаматтардың өмірі қауіп астында қалуы мүмкін екен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV