КАБУЛ: Ауғанстанның батысындағы Фараһ өлкесінде тәліптермен арадағы қақтығыста 2 полиция қызметкері қаза тапты. Сенбі күні кешкісін тәліптер Баква іргесіндегі күзет постына шабуыл жасады. Кабулдан солтүстікке қараған Каписа өлкесінде БҰҰ-ының саперлер тобына тасадан шабуыл жасалып, олардың бірі жараланды. Ауғанстанның шығысындағы Нұристан өлкесінде экстремистер НАТО-ның соғыс базасына жүк таситын 3 көлік жүргізушіні соққыға жығып кетті. Үшеуінің құлақтары мен мұрындарын кесіп алып, бірнеше жүк мәшинесін қиратты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV