Accessibility links

Қырғыз президенті оппозициямен жаңа үкіметті жасақтау мәселесін талқылауға дайын


БІШКЕК: Бүгін қырғыз оппозициясы жетекшілерінің бірі Темір Сариев президент Қ.Бәкиевпен елдегі қалыптасқан саяси ахуалды талқылады. “Азаттық” Радиосына Темір Сариевтің өзі хабарлағандай, Қ.Бәкиев кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қарсы болып, маңызды реформаларды жүзеге асыруды көздегенін мәлімдеген. Президент Бәкиев, сондай-ақ, оппозициямен жаңа коалициялық үкіметті жасақтау мәселесін талқылауға дайын көрінеді. Қырғыз оппозициясы келесі айда реформаларды талап етіп бүкіл елді қамтыған шара өткізбекші.
XS
SM
MD
LG