БАҒДАД: Бүгін Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында кемінде 3 жарылыс болып, аз дегенде 15 адам қаза тапты, тағы 40-қа жуық адам түрлі жарақат алды. Одан бірнеше сағат бұрын Бағдадтың орталығындағы шийттердің “Шорджа” мешіті маңында болған жарылыстан кемінде 3 адам қаза болды. Бағдадтың түбіндегі Диджела қаласының әкімін тұтқындап, атып кетті. Әкім өз үйінің маңайында ұрланып, көп ұзамай оның мәйіті тас жолдың бойынан табылды. Осы қиғаның алдында кеше АҚШ-тың қорғаныс министрі Робертс Гейтс Ирақтағы АҚШ армиясы жүзеге асырып жатқан қауіпсіздік операциясының қаншалықты жемісті айтуға айтуға әлі ертелеу деп ескерткен болатын..