Әзірбайжан Европаға қарай тартылатын газ құбырын салу үшін АҚШ-тан саяси қолдау күтеміз дейді. Баку шенеуніктерінің айтуынша, Әзірбайжанның сыртқы істер министрі Елмар Мамадияров пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бейсенбі күні Вашингтонда энергия ынтымақтастығы туралы өзара түсіністік келісімдеріне қол қоятын болады.