ИСЛАМАБАД: Пәкістанда жергілікті күштер мен “Әл-Қаида” бөлімінің, көбіне, өзбектерден құралған жасақтары арасындағы 3 күн қатарынан жалғасқан шайқасында кем дегенде 50 адам оққа ұшты. Дүйсенбі күні басталған бұл шайқас Пәкістанның ауған шекарасына жақын Оңтүстік Вазиристан өлкесінде болды. Осыған дейін ресми Кабул мен Вашингтон Исламабадты өзінің жатылай автономиялы өлкелеріндегі ислам экстремистерін жоюға жеткілікті көңіл бөлмейді деп айыптап келген болатын.