Ресей Жоғары соты жаңа заң талабын орындамады деген желеумен кеше тағы бір партияны жапты. Солшыл бағыттағы "Орыс бейбіт партиясы" жаңа заң талаптарын орындай алмады, партия мүшелерінің саны жаңадан қойылған мөлшерге жетпеді деп табылды. Мұндай жаңа талаптар 1 қаңтардан басталды. Ресейде бір айдың ішінде осымен екі партия сот арқылы жабылып отыр. Өткен аптада оппозициялық бағыттағы Республикалық партия жабылған болатын.