Меркел Таяу Шығыс сапарында алдымен Иорданияға болды, сапар мақсаты – Палестина мен Израиль бейбіт процесін жандандыру. Еуропа Одағының кезекті төрағасы Германияның үкімет басшысы Ангела Меркел Иорданияда Абдулла патшамен сөйлесті. Израильде ол бас министр Эхуд Өлмерт және сыртқы істер министрі Ципи Ливнимен кездесу керек. Германияның Бремен қаласында кездескен Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Таяу Шығыс бейбіт процесін кеңейтуге атсалысамыз деп уағдаласты.