МОГАДИШО: Сомали елінің астанасы – Могадишо қаласында осымен төртінші күн қатарынан шайқас жалғасып, ондаған бейбіт тұрғын құрбан болды. Сомали мен Эфиопия армиялары исламшыл көтерілісшілерге қарсы қарудың ауыр түрлерін қолдану үстінде. Қаланың кейбір ауданындағы тұрғын үйлеп зеңбіректер мен танктердің атқылауынан түгел қирады. Батыстың ақпарат агенттіктері хабарлағандай, госпитальдер жараланғандарға лық толды. Соңғ,ы 15 жыл ішіндегі қанқұйлы шайқастың жалғасуы салдарынан жарақат алған талай адамға ем көрсетілмей жатыр.