ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Джордж Буш Парсы шығанағындағы 15 ағылшын теңізшісінің тұтқындалуын “кешірілмейтін әрекет” деп бағалап, ресми Теһраннан оларды дереу босатуды талап етті. Вашингтоннның түбіндегі Кэм-Девидте сөйлеген сөзінде Дж.Буш ағылшындардың әскери теңізшілері Иранға қарайтын теңіз суында ұсталса да, Иранның шекарасын бұзбады деп мәлімдеді. АҚШ президенті бұл проблеманы бейбіт жолмен шешуді көздеген британ премьері Тони Блэрдің бастамасына қолдау білдірді.