Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер НАТО мен ауған үкіметіне тыңшылық еткен 3 адамды дарға асты


КАБУЛ: Ауғанстаннан келіп жеткен хабарға қарағанда, елдің оңтүстігінде тәліптер “тыңшылық етті” деп айыпталған 3 ер адамды дарға асып өлтірді. Гильмен өлкесіндегі тәліптердің бас қолбасшысы Абдул Қасимның мәлімдеуінше, ол 3 адам Ауғанстандағы НАТО әскері мен ауған үкіметі үшін тыңшылық еткен. Осы 3 адамның берген мәліметі бойынша тәліптердің 2 қолбасшысы қаза тапқан. Осы күні НАТО әскері мен ауған армиясы Гильменд өлкесінде көктемгі операциясын іске асыру үстінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG