Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының мамандарымен бірге адам дамуы туралы есепті дайындаған Қазақстанның Білім министрлігінің ақпараттық орталығының директоры Ербол Сүлейменовтың айтуынша, Қазақстан бірнеше көрсеткіш бойынша төмендеп кеткен, соның ішінде аурулар көптігі алаңдатады:
- Ғаламдық бәсекелестік индексі бойынша 2000 жылы 51 орында болсақ, 2006 жылы 56 орынға түстік. Сосын, адам даму индексі бойынша 2005 жылы 78 орында болсақ, 2006 жылы 79 орынға түстік. Себебі, жорамалданған өмір ұзақтығы 1995 жылы 68 жас болса, 2006 жылы 65 жасқа түсті.
Мамандығы дәрігер парламент сенатының депутаты Бексұлтан Тұтқышевтың айтуынша, қазынада ақша бар болғанымен ол денсаулық сақтау саласында тиімсіз жұмсалып келеді:
- Бізде әрбір 100 мың адамның 130-140 адамы туберкулезбен ауырады. СПИД проблемасы, бала өлімі, әйел өлімі жоғары қалып отыр. Сол проблемалар әлі күнге дейін шешілген жоқ.
Экологтардың айтуынша, ауру көптігі экологияға байланысты. Ал, Білім министрлігінің ақпараттық орталығының директоры Ербол Сүлейменовтың айтуынша, экология саласында Қазақстан әлі де ауаны ластайтын мазут пен көмір сияқты лас отынды пайдаланып келеді, сондықтан әлемдік рейтингте Қазақстан 78 орыннан 79 орынға түсіп кеткен:
- Қазақстан минералды ресурсқа, мұнай-газға бай, соған қарамастан мемлекет барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып жатқан жоқ. Оған қоса біз балама қуатты алуымыз мүмкін.
Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының маманы Стелиана Недераның айтуынша, «Кейбір индекстердің төмен жағдайда қалуының себебі - соңғы 15 жылда адам дамуына септігін тигізген кеңестік құрылымдар құрыған, ал жаңасын салуға уақыт керек. Сол уақыт ішінде бұл көрсеткіштер төмендеп кеткен» дейді ол.
Осы олқылықтардың кесірінен адам дамуын жоғарылататын жоғары технология саласы дамымай келеді, дейді Біріккен ұлттар ұйымының мамандары. Қазақстанда тексерілген кәсіпорындардың тек 2 пайызы инновациялық, яғни жаңартпа саласында белсенді деп табылды. «Атамекен» кәсіпкерлер одағының төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, «өндірістік салада жабдықтардың 95 пайызы тозған».
- Ал, инновациялық қор жергілікті ғылыми жобаларды қаржыландырудың орнына шет елден дайын технология сатып алғанды қалайды. Сондықтан, жергілікті инновациялық мүмкіншіліктерді дамытуға арналған қаржы шет елге кетіп жатыр, - дейді кәсіпкерлер одағының төрағасы Перуашев.
Ал, Ұлттық инновациялық қор басқармасының төрағасы Нұрбек Раев бұл жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, «жергілікті ғылыми жобаларды өмірге енгізу және одан пайда түсіру қиын. Қазір компания шет елден сатып алынған технологиялардың арқасында биометрикалық төлқұжаттар дайындап жатыр» дейді ол. Ұлттық инновациялық қор басқармасының төрағасы Нұрбек Раевтың айтуынша, бастысы шет елден жеткізілген технологияға қарап жергілікті ғалымдар халықаралық деңгейге үйренеді.
Раевтың айтуынша, «инвест-қорға идеясы бар, бірақ қаржысы жоқ адам келе алады. Сосын біраз уақыттан кейін құрылған компания табысының 30 пайызы сол ғалымға беріледі» дейді ол.
- Тек, мұның барлығына уақыт кетеді, өйткені, қазақстандық ғылымды бала-бақшадағы баламен салыстыруға болады, ол өсіп жетілмей одан талап етуге болмайды, - дейді инновациялық қор төрағасы.