Accessibility links

Ирақтың сыртқы істер министрі Ираннан ешқандай хат алмағанын мәлімдейді


ТЕҺРАН: Ирақтың АҚШ армиясы тұтқынға алған 5 ирандықты босатуға көмек беруден бас тартуы ресми Теһран мен Бағдад арасындағы ынтымақтастыққа кесірін тигізуі мүмкін. Иран баспасөзінің хабарлауынша, Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи өзінің ирақтық әріптесі Хошияр Зибариге жолдаған хатында осылай деп ескерткен көрінеді. Бірақ “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында Х.Зибари өзінің ешқандай хат алмағанын мәлімдеді. Ал ресми Вашингтон қаңтар айында Ирақта ұсталған әлгі 5 ирандық – “Ислам төңкерісі сақшыларының корпусына” жатады және олар Ираққа “көтерілісті қолдау үшін келді” деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG