Accessibility links

Иран уранды байытуға деген өзінің “заңды құқын” талқылағысы да келмейді


ТЕҺРАН: Бүгін Иран президенті М.Ахмадинеджад Натанцтағы уранды байыту орталығына барғанында елдің ядролық бағдарламасына қатысты мәлімдеме жасауға тиіс. Сонымен қатар бүгін Иран ядролық отын жасауға қажетті байытылған уран шығарылған күннің 1 жылдығын мемлекеттік мереке ретінде тойлайтынын мәлімдеді. Оның қарсаңында кеше Иранның сыртқы істер министрлігі “уранды байытуға деген өзінің заңды құқын Иран тіпті талдағысы келмейді” деп мәлімдеді. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқан Иранға қарсы әзірше 2 түрлі жаза қолдану туралы Қарар қабылдап отыр. Ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты ғана көздейтінін дәлелдеп келеді.
XS
SM
MD
LG