Accessibility links

Ауғанстанда бір күннің ішінде НАТО-ның 7 жауынгері қаза тапты


КАБУЛ: Кеше Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО әскерінің құрамында қызмет ететін 6 канадалық жауынгер қаза болды, басқа төтенше оқиғаның барысына НАТО-ның тағы бір – 7-інші қызметкері көз жұмды. Канада шенеунектерінің хабарлауынша, кеше Кандагардан батысқа қараған бойдағы жол бойына орнатылған бомбаның жарылысынан 6 жауынгері қаза тапса, тағы 2 жауынгері жараланды. Ауғанстандағы НАТО күштерінің құрамында алғаш рет бірден осыншама адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG