Accessibility links

Соңғы 2 тәулікте Ирақта АҚШ-тың 10 жауынгері қаза тапты


БАҒДАД: Кеше АҚШ армиясы Ирақта 6 жауынгерінің қаза тапқанын хабарлады. Оның төртеуі жеке-жеке 2 шабуылдың барысында оққа ұшса, қалған екеуі Диала және Салахуддин өлкелеріндегі шайқастардың барысында алған жарақаттарынан көз жұмды. Сенбі күні де Диала өлкесінде болған жарылыстан 4 АҚШ жауынгері мерт болды. Кеше Ирақтың түкпір-түкпірінде кемінде 23 адам құрбан болып, өткен 1 тәуліктің ішінде тағы кем дегенде 18 адамның мәйіттері табылды.
XS
SM
MD
LG