Accessibility links

Түркіменстанның ішкі істер министрлігінде жемқорлық терең тамыр жіберген


АШХАБАД: Түркіменстанның жаңа президенті Гурбангулы Бердімухаммедов ішкі істер министрін қызметінен босатты. Түркімен теледидарының хабарлауынша, президент Ақмамед Рахмановты ішкі істер министрі лауазымынан “қызмет бабында айтарлықтай кемшіліктер жібергені үшін” алып тастады. Министрлік ішінде “жаппай жемқорлық терең тамыр жайып, бір-бірінің кемшілігін жасыру кең өріс алған” көрінеді. Түркіменстанның жаңа ішкі істер министрі болып оның бұрынғы орынбасары Қажымұрат Аннагурбанов тағайындалды.
XS
SM
MD
LG