Шерушілер өз шараларын Бішкектегі Жеңіс алаңынан бастап, Алатоо алаңына қарай аяңдаған болатын. Алатоо алаңында жиналған 10 мыңнан аса шеруші “Реформалар Бакиевсіз жүзеге ассын!” деген ұрандар ұстап тұрды. Түнде шеруді жалғастыратындар үшін 100 шақты киіз үйлер мен шатырлар тігілген. Жиналғандар алдына шығып сөйлеуге жаңа үкімет басшысы Алмаз Атамбаев уәде берген болатын.
Осыдан екі апта бұрын жаңа қызметіне келген ол, оған дейін өзін оппозиция мүддесін қорғаушы ретінде айтып келген еді.
Ал Қырғызстанның лайықты болашағы үшін біріккен майданының жетекшісі, бұрынғы үкімет басшысы Феликс Кулов Алатоо алаңында жиналғандар алдында сөз сөйледі.
Оппозиция басшыларының айтуынша, 2005-ші жылдың наурыз айында, бұрынғы президент Асқар Ақаев қызметінен кеткеннен кейін, Бакиев халыққа берген уәдесін орындаған жоқ. Сондықтан осы шерулер орын алуда дейді олар.
Президент Бакиев конституциялық реформалар жүргізуге уәде берген болатын. Көпшіліктің түсінігі бойынша ол қадам ел үкіметіндегі атқарушы, заң шығарушы және сот саласы арасындағы лайықты тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік жасауы керек еді.
Қалыптасқан жағдайды жұмсарту үшін сәуірдің 10-ы күні президент Бакиев өз билігін шектейтін Конституциялық өзгерістер ұсынысын мақұлдаған болатын. Бұл ұсынысын Бакиев парламенттің қарауына жолдаған еді.
Сейсенбі күні ұлттық теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Бакиев:
“Радикалдық бағыттағы оппозиция өз билігін орнатуды көксейді. Олар заңды түрде сайланған президенттің қызметтен кетуін қалап отыр. Бұл мақсаттарына жету жолында олар кез-келген әрекетке баруға әзір. Билікті заңсыз жолмен, яғни мемлекеттік төңкеріс арқылы өзгерту үшін арнайы ойластырылған стратегия жүзеге асырылуда”, - деді.
Сәрсенбіде «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Әділет министрі Марат Кайпов осы пікірді қайталады.
Аталған шерулер барысында ешқандай күш қолданулар мен заңсыздықтардың болмайтындығын оны ұйымдастырушылар айтқан еді. Оңтүстік өңірден бірнеше жүз шерушінің Бішкектегі шеруге қосылатындығын оппозиция өкілдері айтты.