Әлем экономикасының тыныс-тіршілігінің тамырын басып отырған Халықаралық қаржы қорының жылдық баяндамасында әлем экономикасы үшін қауіп тудырарлық тәуекелдер алдыңғы жылмен салыстырғанда бәлендей өзгере қойған жоқ делінгенімен, 2007 жылы негізгі қауіптер АҚШ, Ресейден болуы мүмкін дей келіп Қазақстанды да солардың қатарында атайды. Бұл Қазақстан экономикасындағы тербелістер шынымен әлем экономикасына да әсер ете алады дегенді білдіре ме? Оған Қазақстан қор биржасының сарапшы маманы Андрей Цалюк жоқ деп жауап береді.
«Қазақстан экономикасындағы қандай да тәуекелдер, әрине, АҚШ экономикасына әсер ете алмайды. Тіпті, Еуропа экономикасына да әсер ете алмайды. Оған себеп көп. Біріншіден, біздің экономиканың әлем экономикасымен интеграциясы айтарлықтай дәрежеде емес екені рас. Дегенмен, Қазақстанның екнінші дәрежедегі банктерінің шетелден несиеге алған қаржы мөлшері айтарлықтай аумақты. Сондықтан біздегі кейбір тәуекелдер, әрине, әлем экономикасы үшін де әсерлі болары сөзсіз» - дейді А.Цалюк.
Қазақстан қаржылық бақылау агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Заборцева «екінші дәрежедегі банктер алған қарыздар мөлшері Қазақстанның жалпы қарыздарының 45 пайыздайын құрайтындығын, сондықтан Халықаралық қаржы қорының мамандары соны меңзеп отырған шығар» деген болжам айтады.
Алайда тәуелсіз сарапшы ретінде пікір білдірген экономист Қанат Берентаев халықаралық қаржы ұйымының қортындысында экономикадан гөрі саясат басым деген пікір айтты.
«Халықаралық қаржы қоры халықаралық деп аталғанымен олар көбіне сол АҚШ-қа бүйрек бұратыны белгілі ғой. Сондықтан, олар таза экономикадан гөрі саяси ахуалға әсер етуге тырысатындай. Оған Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық тығыз байланыс ұнамайтын шығар дегендей, т.б. Ал шын мәнінде Қазақстан экономикасы әлем экономикасына әсер ете алатындай сонша қуатты емес. Салыстырмалы түрде айтсақ біздің экономика әлем экономикасының тұсында теңіздегі тамшы сияқты. Және біздің экономика әлем экономикасына тығыз интеграциялана қойған жоқ. Біздегі қор биржасы да айтарлықтай дамымаған. Ол енді-енді шетелдік биржалардың еліміздегі белсенділігі үшін күресуде. Сондықтан, біздегі қандай да тәуекелдік тербелістер әлем экономикасына еш әсер ете алмайды», - дейді тәуелсіз экономист Қанат Берентаев.