Accessibility links

Қырғызстандағы жаңа конституцияның жобасында президенттің билік құзыры қысқартылған


БІШКЕК: Қырғыз премьер-министрі Алмаз Атамбаев конституцияны реформалау - елді қазіргі саяси дағдарыстан шығарудың жалғыз жолы деп санайды. Бүгін “Азаттық” радиосының Қырғыз редакциясына берген сұхбатында А.Атамбаев осылай деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, конституцияның талқылауға ұсынылған жаңа жобасында биліктің 3 тармағының да тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар А.Атамбаев саяси оппозицияның жетекшілерімен келіссөз өткізуге де өзінің әзір екенін мәлімдеді. Қырғыз оппозициясы президент Қ.Бәкиевтің биліктен кетуін және конституцияны өзгертуді талап етіп бір аптадан да ұзақ уақыт наразылық шарасын өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG