Қос шатырға да бақылау жасап отырған Демократтар басшылары соғысты қаржыландыруға байланысты жаңа заң жобасына дүйсенбі күні тоқтасты. Ол бойынша Ирақтан АҚШ әскерін шығару алдағы қазанның 1-інен басталуы тиіс. Толық күйде әскер келер наурыздың 30-ына дейін шығарылуы керек. Жоба осы аптада дауысқа салынбақшы. Джордж Буш оған вето қоямын, деп отыр.