Accessibility links

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Ирақтан АҚШ армиясын шығара бастау туралы заң қабылдады


ВАШИНГТОН: АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Ауғанстан мен Ирақтағы соғыс қимылдарының мұқтажына 100 млрд. доллар бөлу туралы заң жобасын мақұлдады. Жобаға сәйкес, АҚШ өз армиясын Ирақтан қазан айында шығара бастап, келесі жылдың наурыз айында толық шығаруға тиіс. Заң жобасын конгрессмендердің 218-і қолдап, 208-і “қарсы” дауыс берді. Президент Дж.Буш Ирақтан АҚШ армиясын шығарудың нақты мерзімі көрсетілген кез-келген заң жобасына “вето”, яғни бөгет қоятынын ескерткен болаты. Енді бұл жоба Сенатта мақұлдануға тиіс.
XS
SM
MD
LG